Кәсіпқой бокс • 24 Желтоқсан, 2021

Головкинді алмастыратын қазақ боксшысы белгілі болды

494 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Boxingnewsandviews.com сайтының тілшісі Ниалл Доран Геннадий Головкиннің орнын басатын қазақ боксшысының кім екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Головкинді алмастыратын қазақ боксшысы белгілі болды

«Соңғы бірнеше жыл бедерінде Қазақстаннан көптеген мықты кәсіпқой боксшы шықты. Он жылдан астам уақыт аралығында жанкүйерлер жұдырығы жойқын Геннадий Головкиннің стиліне қатты үйреніп қалды. Ол есімі «Даңқ» залына алтын әріптермен жазылатын спортшы екені айдан анық.

Енді Геннадий Головкин секілді танымал болатын тағы бір боксшы бар. Ол – Жәнібек Әлімханұлы. Оның промоутері Боб Арум қазақ боксшысының келесі жылы әлем чемпионы атағына таласатынын хабарлағаны мәлім. Жәнібектің жоғары деңгейдегі спортшы атануға барлық мүмкіндігі бар», делінген журналист жазбасында.