Президент • 24 Желтоқсан, 2021

Мемлекет басшысы белгілі журналист Жанболат Аупбаевты мерейтойымен құттықтады

797 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист Жанболат Аупбаевты 70 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы белгілі журналист Жанболат Аупбаевты мерейтойымен құттықтады

«Бүгін 70 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!  Сіздің ұлттық журналистиканың көшін өрге сүйреп келе жатқан қабырғалы қаламгер деп білеміз. Қалың жұртшылық өзіңізді қазақ баспасөзінің алыптар шоғырымен қызметтес болған, көсемсөздің қыры мен сырын бойына сіңірген кәсіби журналист деп құрметтейді», деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында белгілі журналист Жанболат Аупбаевтың еңбек жолында «Лениншіл жас», «Халық кеңесі», «Ақиқат», «Егемен Қазақстан» сияқты еліміздегі беделді басылымдарда жемісті қызмет еткенін,  кәсіби журналист ретінде қазақ баспасөзін дамыту үшін аянбай тер төккенін атап өтті.

«Сіздің қаламыңыздан шыққан зерттеу еңбектеріңіз, танымдық, публицистикалық мақалаларыңыз бен очерктеріңіз оқырман қауымның ықыласына бөленді. Ұзақ жыл бойы «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметін абыроймен атқарып, Қазақстанның бас басылымының қазіргі заманғы сай жаңғыруына зор еңбек сіңірдіңіз», деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

1