Коронавирус • 24 Желтоқсан, 2021

Коронавирустың «омикрон» штамы әлемнің 110 елінен анықталды

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың «омикрон» штамы 110 мемлекетте анықталды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Коронавирустың «омикрон» штамы әлемнің 110 елінен анықталды

«2021 жылдың 22 желтоқсанындағы жағдай бойынша, вирустың омикрон штамы 110 елде, ДДҰ-ның барлық алты өңірінде анықталған», делінген мәлімдемеде.

«Омикрон» штамы «дельта» штамына қарағанда, тез таралады. Оған қоса, 2-3 күн сайын жұқтырғандар қатары екі есе көбейіп отыр. «Омикрон» штамының салдарына келер болсақ, бұл орайда мәлімет шектеулі», дейді ДДҰ.

Оңтүстік Африка, Ұлыбритания және Дания елдерінен алынған деректерге сәйкес, «омикрон» штамын жұқтырғандар вирустың «дельта» штамын жұқтырғандарға қарағанда ауруханаға сирек түседі.

Мұны «омикрон» штамына ағзаның иммундық қорғанысының қатты әсер етпейтіндігімен түсіндіруге болады.