Әлем • 25 Желтоқсан, 2021

Омикрон-штамм әлемнің 110 елінде анықталды

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Омикрон штамы әлемнің 110 елінде анықталды. Бұл туралы ДДСҰ жұмада таратқан COVID-19-дың жаңа нұсқасы туралы жаңарған мәліметте көрсетілген. Ол «дельтаға» қарағанда тез таралады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Омикрон-штамм әлемнің 110 елінде анықталды

Бұл туралы Риа Новости мәлім етті.

«22 желтоқсандағы жағдай бойынша, ДДСҰ-ның барлық алты аймағындағы 110 елде омикрон анықталды», делінген хабарламада.

Деректер омикрон «дельта» штамына қарағанда әлдеқайда жылдам таралатынын және салдары жеңіл болуы мүмкін екенін көрсетеді. Дегенмен, вакциналар немесе бұрын вирус жұқтырып жазылғаны қаншалықты ауруға ықпал ететіні әлі белгісіз.