Спорт • 27 Желтоқсан, 2021

Нұр-Сұлтанда Азия чемпионаты өтеді

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күні кеше ғана әлемдік және құрлық­тық триатлон федерациялары 2022 жылдың 23–24 маусым аралығында Нұр-Сұлтанда U23 пен Junior санат­тарындағы спортшылар арасында Азия чемпионаты өтетінін растады.

Нұр-Сұлтанда Азия чемпионаты өтеді

Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайты таратып отыр. Осылайша, ел астанасында алғаш рет 2022 Asia Triathlon Junior and U23 Championships Nur-Sultan атты құрлықтық біріншіліктің жалауы желбірегелі отыр. Негізі бұл бәсеке 2021 жылы ұйымдастырылуға тиіс еді. Алайда әлемдегі тұрақсыз эпидемиялық жағдайға және бірқатар елдердегі шектеулерге байланысты аталған жарыс белгі­ленген мерзімде өткен жоқ.

Еске сала кетейік, 24 шілдеге TEMIRADAM Кубогының V кезеңі жоспарланып отыр. Pro және Age Group санатындағы сайыскерлер құрлықтық чемпионаттың тарихи дистанция­сында сынға түсу мүмкіндігіне ие болды.