Әлем • 27 Желтоқсан, 2021

Боксшыны балаларының көзінше атып кетті

468 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыр салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген 30 жастағы америкалық боксшы Дэнни Келли (10-3-1) Рождество қарсаңында жолдағы атыс салдарынан қызы мен үш баласының көзінше қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz BoxingScene-ге сілтеме жасап. 

Боксшыны балаларының көзінше атып кетті

Полицияның мәліметінше, Келли түстен кейін балаларымен және қызымен мерекелік іс-шараға бара жатқан. Бір сәтте күдікті оның көлігінің жанына тоқтап, оқ жаудырған.

«Қазіргі уақытта детективтер оқиғаның себеп-салдарын толыққанды зерделеп жатыр», делінген жергілікті құқық қорғау органдарының мәлімдемесінде.

Келлидің досы мен оның үш баласы атыс кезінде зардап шекпегені атап өтілді.

Келли Ник Киснерді екінші раундта нокаутқа жібергеннен кейін 2019 жылдың қазан айынан бастап рингке шыққан емес.