Әлем • 27 Желтоқсан, 2021

Екі депутат төбелесіп қалды

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Украинаның Бердянск қаласында көлікпен келе жатқан екі депутат жол ережесін кім бұзғанын нақтыламақ болып, бір-біріне қол жұмсаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Екі депутат төбелесіп қалды

Бұл туралы Запорожье облысының полиция бөлімі ақпарат таратты.

«1975 жылы дүниеге келген ер адам 1978 жылы туған әріптесін соққыға жығып, басынан бірнеше мәрте ұрған. Қысқасы екеуі жол ережесін кім бұзғанын осылайша нақтылауға тырысқан. Полиция қызметкерлері тексеру барысында екі азаматтың түрлі партия атынан Бердянск қалалық және аудандық кеңестерінің депутаты екенін анықтаған», делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Украинаның қылмыстық кодексінің 125-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады.