Қоғам • 27 Желтоқсан, 2021

Жаңа көліктерді есепке қою уақытша тоқтатылды

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің базасындағы техникалық ақауға байланысты салоннан сатып алынатын жаңа автомобильдерді тіркеу мүмкін болмай тұрғанын құлағдар етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа көліктерді есепке қою уақытша тоқтатылды

«Мемлекеттік кірістер комитетінің жұмысындағы ақау салдарынан базадағы деректер ХҚО-ның ақпараттық жүйесінде көрсетілмей тұр. Сондықтан автосалоннан сатып алынатын жаңа машиналарды есепке қою қызметі уақытша қолжетімсіз. Жауапты орган тарапынан ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

Жүйенің қалпына келтірілгені және жаңа көліктерді тіркеу бойынша қызметтің қайта жүргізіле бастағаны туралы қосымша хабарланатын болады.