Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2021

Көрнекті қаламгер құрметті депутат атанды

606 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көрнекті қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Президенті сыйлығының лауреаты, «Ана тілі» газетінің Бас редакторы Қали Сәрсенбайға «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық  қоғамдық бірлестігінің арнайы шешімімен «Қазақстан мәслихаттарының құрметті депутаты» атағы берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көрнекті қаламгер құрметті депутат атанды

Мәртебелі атақты Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаев қалалық мәслихаттың  он үшінші сессиясында табыс етті. Сондай-ақ қаламгер Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен де марапатталды.

Әріптесімізді айтулы қуанышымен құттықтай отырып, деніне саулық, шығармашылығына жеміс тілейміз.