Кәсіпқой бокс • 28 Желтоқсан, 2021

Головкин-Мурата жекпе-жегі ақпанда өтуі мүмкін

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Болжамдарының басым бөлігі дөп келетін сарапшы Майк Коппинджер орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпиондары Геннадий Головкин мен Риота Мурата арасындағы жекпе-жек қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Головкин-Мурата жекпе-жегі ақпанда өтуі мүмкін

Әу баста осы жылдың 29 желтоқсанына жоспарланған жекпе-жек Жапониядағы шектеулерге байланысты 2022 жылға ауыстырылған болатын. Майк Коппинджер бөліскен ақпаратқа сенсек, енді екі мықты арасындағы шайқас ақпан айында өтуі мүмкін секілді. Коппинджер бұл ақпаратты сенімді дереккөздерге сүйеніп жеткізгенін  хабарлады.

Бұған дейін белгілі промоутер Эдди Хирн Головкин-Мурата шайқасы наурыз немесе сәуір айында өтетінін хабарлаған еді.