Үкімет • 28 Желтоқсан, 2021

Үкімет 2022 жылы 26 заң жобасын әзірлейді

718 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет 2022 жылы 26 заң жобасын әзірлейді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет 2022 жылы 26 заң жобасын әзірлейді

«Әділет министрлігі Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мүшелерімен 2022 жылға арналған жоспар жобасын әзірледі. Бастапқыда жоспар жобасында Парламентке 31 заң жобасын әзірлеу және енгізу қарастырылған болатын. Биыл 10 қарашада жоспар жобасын таныстыру барысында жоспарланған заң жобаларының негізгі ережелері, сондай-ақ оларды әзірлеу негіздері баяндалды. Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған жоспар жобасы Президент Әкімшілігінің ескертулерімен пысықталды», деді Марат Бекетаев.

Министрдің атап өтуінше, заң жобаларын Парламентке енгізу мерзімдері қайта қаралды. Сондай-ақ тұжырымдамалары тиісті талқылауды талап ететін бірқатар бастама алынып тасталды. Қалған бөлігінде жоспар жобасы өзгертілген жоқ.

«Баяндалғанды ескере отырып, пысықталған жоспар жобасы 26 заң жобасын әзірлеуді көздейді. Бірінші жартыжылдықта – 7 заң жобасы, екінші жартыжылдықта – 19 заң жобасы», деді ол.