Оған сәйкес, 27 желтоқсан күні Қазақстан аумағында 11 адам - коронавирустан, тағы бір сырқат - пневмониядан қайтыс болған.
Коронавирустан көз жұмғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында - 4 науқас. Солтүстік Қазақстан облысында - 3, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында - бір адамнан көз жұмған.
Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.