Қоғам • 29 Желтоқсан, 2021

Мүгедектігі бар қазақстандықтар мәжілісте квота алуы мүмкін

7758 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Ғани Хамзин Палатаның жалпы отырысында министрліктер мен ұлттық компанияларда жұмыс істеу үшін мүгедектерге квота енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мүгедектігі бар қазақстандықтар мәжілісте квота алуы мүмкін

Ол өзінің депутаттық сауалын Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған.

«Биылғы Жолдауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілісте және жергілікті мәслихаттарда депутаттық мандаттарды бөлу кезінде әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 30 пайыздық квота енгізуді тапсырды. Бүгін Мәжіліс осы заң жобасын жұмысқа қабылдады. Біз бұл бастаманы қолдаймыз», деді Ғани Хамзин.

Сонымен қатар, ол саяси құқықтардан басқа, жастар, әйелдер және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін еңбек қызметі маңызды екенін атап өтті.

«Егер депутаттық мандаттарды бөлу туралы айтатын болсақ, Мандаттардың 30%-ын бөлу жастар, әйелдер мен мүгедектер үшін тек 32 жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі. Сонымен қатар, 2020 жылы елдегі мемлекеттік қызметшілердің саны 88,5 мың адамды құрады, ал квазимемлекеттік секторда 809 мың жұмыс орны жұмыс істейді. Яғни, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар үшін осы квотаны қолдану 32 жұмыс орнын емес, жастар, әйелдер және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін 269 мың жұмыс орнын берер еді», дейді ол. 

Осыған байланысты Парламент мүшесі министрліктер мен басқа да мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының қызметкерлері арасында ең алдымен жастар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдар, сондай-ақ әйелдер үшін квота енгізу туралы мәселені қарауды ұсынды.