Қоғам • 29 Желтоқсан, 2021

Қазақстанда алимент көлемі ұлғая ма?

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев орталық коммуникациялар қызметінде өткізілген брифинг барысында алимент төлеу және өндіру жүйесіндегі өзгерістер жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда алимент көлемі ұлғая ма?

Марат Бекетаев алимент көлемі өзгеріссіз қалатынын айтты.

«Алимент көлеміне байланысты ешқандай өзгеріс жоспарда жоқ. Тек қана жеке сот орындаушылар өз жұмысын жақсырақ істесе алимент көбірек төленетін болды. Бірақ борышкердің ешқандай жұмысы, мүлкі жоқ болса, бұл - жеке сот орындаушының кінәсі емес, тек борышкердің кінәсі», деді министр.