Президент • 29 Желтоқсан, 2021

Президент көрнекі ақпарат мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

4163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекі ақпарат мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент көрнекі ақпарат мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген Ақорданың ресми сайтында.

8 желтоқсанда Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген түзетулермен келісті. Құжат ҚР Президентіне қол қоюға жіберілді.

Сенат «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңына ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру, мәдени ғимараттар мен құрылыстардан тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге енгізілетін хабарлама тәртібін нақтылау бөлігінде түзетулер енгізді.

Сондай-ақ, құжат мемлекеттік тілдің рөлін одан әрі күшейтуге бағытталған. Атап айтқанда, жол белгілеріндегі жазбаны мемлекеттік тілде жазу, сондай-ақ хабарландыруларды, жарнаманы, прейскуранттарды, баға белгілерін, мәзірлерді, нұсқағыштарды және басқа да көрнекі ақпаратты мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, орыс және басқа да тілдерде орналастыру көзделеді.