Елорда • 30 Желтоқсан, 2021

Елордада балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар таратылды

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық тәтті сыйлықтар таратылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар таратылды

«Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ астаналық филиалының «Бақытты балалық шақ» акциясы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының және Magnum Cash&Carry сауда орталығының қолдауымен өтті.

«Мейірім біздің жүрегімізде, ол бізді ылғи да үлкен істерге жетелейді. Балаларды қорғау және мерекелік көңіл-күй сыйлау керектігін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қалалық филиалының «Жас Сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Аяз Ата және Ақшақармен бірге балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық сыйлықтар сыйлады. Іс-шараға Қорғаныс министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты», деді Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері бөлімінің басшысы Ақұлан Тастемір.в

«Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ астаналық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек жастарды тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталып өтті. «Қазақ халқы өскелең ұрпаққа мұра болып қалатын игі қасиеттерді тәрбиелеуге ұмтылады. Жас ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінді. Осыған байланысты, бүгін біз балалар үйінің 61 баласын келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, жақсы көңіл күй сыйладық. Осыған байланысты Magnum Cash&Carry сауда орталығының басшылығына көрсеткен қолдауы үшін алғысымды білдіремін», деп атап өтті ол.



 

Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024