Руханият • 30 Желтоқсан, 2021

Сенатор: «Мамания» мектеп-медресесін қалпына келтіру керек

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатор Бақытжан Жұмағұлов Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдаған депутаттық сауалында «Мамания» мектеп-медресесін қалпына келтіру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенатор: «Мамания» мектеп-медресесін қалпына келтіру керек

Сенатордың айтуынша, «Мамания» - Жетісу өңіріндегі алғашқы білім беру орталықтарының бірі. Мектеп-медресе сонау 1899 жылы ашылған, бүгінгі таңда оның тек іргесі ғана қалған. Бақытжан Жұмағұлов осындай құнды тарихи ескерткішті қалпына келтіру өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді дамыту үшін маңызды деп санайды.

«Мамания мектеп медресесін қайта қалпына келтіріп, мемориалдық үйге, әрі тарихи этнографиялық музейге айналдырған жөн. Сонымен қатар жақсының тұяғы болған бүкіл Маман ұрпақтарына, сол жерден білімнің нәрін алып, оқыған ұлтымыздың ұлы тұлғаларына арналған шәкірттер аллеясын жасауды ұсынамын. Бұл ретте, «Мамания» мектебін қайта қалпына келтіру жастарды патриотизмге, ұлттық руханиятты сүюге ықпал ететін игі іс болады деп ойлаймын», деп атап өтті Бақытжан Жұмағұлов.