
Қабылданған шаралар коронавирустың «омикрон» түрінің таралу және жұғу жылдамдығына негізделген, ол қазірдің өзінде әлемнің 110 елінде анықталды, ал 30 қарашада ол небәрі 10 елде анықталған болатын.
«Омикрон» түрінің таралуы бірқатар елдің денсаулық сақтау жүйесінің шамадан тыс жүктелуін тудыруда. Осыған байланысты қабылданып отырған шаралар эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтауға, аурулар санының өсу қаупін азайтуға, неғұрлым қатаң шектеу шараларын енгізуге жол бермеуге бағытталған.
Коронавирустың бұл түрінің жұқпалылығы «дельта» нұсқасына қарағанда 5 есе жоғары екенін есте сақтау керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша ауру бірнеше айдың ішінде бүкіл әлемге таралуы мүмкін.