Әлем • 31 Желтоқсан, 2021

Тұмау мен коронавирусты қатар жұқтырудың алғашқы дерегі анықталды

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Израильде «флурона» деп аталатын коронавирус пен тұмаудың бір мезгілде пайда болуының алғашқы жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz. «Едиот Ахронот» басылымына сілтеме жасап.

Тұмау мен коронавирусты қатар жұқтырудың алғашқы дерегі анықталды

Басылымның жазуынша, бір мезгілде тұмау мен коронавирус инфекциясы вакцина алмаған босанған әйелден анықталған.

«Ол келген кезде оған тұмау мен коронавирус диагнозы қатар қойылды. Екі тест те оң нәтиже берді, тіпті біз қайтадан тексергеннен кейін де нәтиже солай болды», дейді Бейлинсон медициналық орталығының гинекология бөлімінің меңгерушісі, профессор Арнон Вижницер.  

Басылымның мәліметінше, Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдайды зерттеп жатыр. Параллельді жұқтыру жағдайлары әлі де болуы мүмкін, бірақ оларға диагноз қойылмаған.