Екінші жеңіл салмақта бақ сынап жүрген жапониялық 18 жасар боксшы Сеия Ивамото отандасы Такуе Хиросеге қарсы рингке көтеріліп, қарсыласын төртінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, өзінің шын мәнінде мықты боксшы екенін көрсете білді.
Осылайша ол кәсіби мансабындағы үшінші жеңісіне қол жеткізді. Ал оның отандасы Такуя Хиросе бірінші рет жеңілістің кермек дәмін татты.