Аймақтар • 02 Қаңтар, 2022

ШҚО-да жолаушылары бар автокөлік қар құрсауында қалып қойды

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бес жолаушысы бар автокөлік «Аягөз-Қарауыл» тас жолында қалып қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО-да жолаушылары бар автокөлік қар құрсауында қалып қойды

«1 қаңтар күні сағат 22 шамасында Ақшатау ауылдық округі аумағындағы "Аягөз-Қарауыл" автожолында қыстауға барар жолда бес адамнан (2 ересек, 3 бала) мінген автокөлік жолда тұрып қалды. Олар өз бетінше шыға алмай, құтқарушылардан көмек сұрады. Оқиға орнына 22-ӨСБ қызметкерлері жедел келіп, тазартылған жол учаскесіне көлікті сүйреп шығарып, Аягөз қаласына дейін жеткізді», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

ШҚО ТЖД қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді:

Ешбір жағдайда өз автокөлігіңізді жабдықтамай және құтқарушылардан дауылды ескертулер жариялаған кезде елді мекеннен шықпаңыз.

Жолдардың жабылуы туралы Дәрмен мобильді қосымшасынан білуге болады.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.