Президент • 03 Қаңтар, 2022

Мемлекет басшысы бәсекелестікті дамыту туралы заңына қол қойды

398 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы бәсекелестікті дамыту туралы заңына қол қойды

Заң мемлекеттің кәсіпкерлікке қатысуын қысқартуға, кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, сондай-ақ тауар нарықтарына кіру үшін әкімшілік және экономикалық кедергілерді қысқартуға бағытталған.

«Заң мәтіні баспасөзде жарияланады», делінген хабарламада.