Футбол • 03 Қаңтар, 2022

Радионов мансабын Арменияда жалғастырады

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атырау» футбол клубының түлегі Алексей Радионов кәсіби мансабын Армения елінде жалғастыруға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Радионов мансабын Арменияда жалғастырады

Meta-ratings.kz сайты келтірген деректерге сенсек, футболшы ендігәрі «Алашкерт» футбол клубының сапында жасыл алаңға шығады. Футболшының аталмыш командаға ауысуына бапкер Арам Восканян себепші болған. Алексей Радионов бүгінгі күнге дейін «Атырау», «Астана» командаларының сапында жасыл алаңға шыққан.

Отандасымыз жейдесін киген «Алашкерт» футбол клубы дәл қазіргі сәтте Армения чемпионатында бесінші орында келеді.