Әлем • 03 Қаңтар, 2022

Байбаламға байлам: Көшбасшылар ядролық соғысқа қатысты мәлімдеме жасады

543 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иә, бірнеше мемлекеттің басшылары талайды толғандырған ядролық соғыс тақырыбына қатысты үн қатты, деп хабарлайды Egemen.kz  inform.kz-ке сілтеме жасап.

Байбаламға байлам: Көшбасшылар ядролық соғысқа қатысты мәлімдеме жасады

Алпауыт АҚШ, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Франция, Қытай, Ресей елдерінің басшылары «Ядролық соғыстың алдын алу және қарулану жарысына жол бермеу туралы» бірлескен мәлімдеме қабылдады.

«Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Америка Құрама Штаттары, Франция Республикасы ядролық қаруы бар мемлекеттер арасындағы соғысқа жол бермеуді және стратегиялық тәуекелдерді азайтуды өздерінің бірінші кезектегі жауапкершілігі деп есептейді. Біз ядролық соғыста жеңімпаздар болмайтынын және оны ешқашан тұтатпау керек екенін мәлімдейміз», делінген құжатта.