Коронавирус • 04 Қаңтар, 2022

Коронавируспен ауырған 199 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 қаңтардағы коронавирус инфекциясынан емделіп жатқандар туралы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавируспен ауырған 199 адамның жағдайы ауыр - ДСМ

«4 қаңтардағы мәлімет бойынша, 16 631 адам коронавирус инфекциясынан (–14 717+ және 1 914 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 2 153 пациент стационарда жатыр, 14 478 науқас амбулаторияда ем қабылдап жүр», делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 199 адамның жағдайы ауыр, 65 пациенттің жағдайы өте ауыр, 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.