Аймақтар • 05 Қаңтар, 2022

Мал азығын молайтпақ

306 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Былтырғы қуаңшылықтан туындаған жемшөп тапшылығы мал өсірген ағайынға қатты сезілді. Тіпті еліміздің кейбір өңірлерін жаз айларының өзінде жұт жайлағаны рас еді. Осы орайда мұндай жағдайдың алдын алу мақсатында ғалымдар мен мамандар да қарап отырмаған екен.

Мал азығын молайтпақ

Мысалы, Қарағанды облысында академик Қылыш Бабаев атындағы ауылшаруашылық тәжірибе стансасы жанынан ғылыми-өндірістік орталық құ­рылды. Ғалымдар жем өнді­ре­тін фермерлерді сапалы тұқым­дармен қамтамасыз етуді көз­дейді. Яғни аталған орталық мал азығы базасын дамытумен айналысатын болады.

А.Христенко атындағы ҚарАШТС басқарма төрағасы Дар­хан Балпанов алдағы уақытта өнді­рісті әртараптандыру қажет­тігі туындап отырғанын айтады.

– Қарағанды ауылшаруа­шылық тәжірибе стансасы бұ­рыннан бері дәстүрлі түрде дәнді дақылдармен айналысады. Бұл бағыт қала береді. Бірақ біз өнді­рісті әртараптандыруды қолға алмақшымыз. Өз стратегия­мызды жаңа ағымдар мен мін­­деттерді ескере отырып тү­зет­тік. Егіншілік және өсімдік шаруа­шылығы бойынша ғылыми орталық болуға ұмтыламыз. Стан­саның шамамен 12 мың гектар жері бар, оның бір бөлігін қа­зір жемшөп өндірісіне бөліп жа­тырмыз, – дейді ол.

Жаңадан құрылған ғылыми-өндірістік орталықтың негізгі міндеті – қуаңшылыққа төзімді жемшөп дақылдарының тұ­қым шаруашылығын дамыту. Осы бағытта олар отандық ғылы­ми инс­­титуттармен және халық­ара­лық ұйымдармен ынты­мақ­тас­тық орнатуды жоспарлап отыр.

Дархан Балпанов маман­дардың білім-білігі мен күш-жігері сұрыптарды әзірлеуге, тексеруге, бейімдеуге және будан­дас­тыруға бағытталатынын атап өтті. Мысалы, орталық ал­­да­ғы уақытта өсімдіктің мақ­са­ры деген түрін өсіруге ерек­ше на­зар аудармақ. Неге де­сеңіз, бұл дәнді дақыл әлемдік на­рықта сұранысқа ие және ол құр­ғақшылық жағдайына жылдам бейімделеді.

 

Қарағанды облысы