Қазақстан • 05 Қаңтар, 2022

Басты құндылықтарды белгіледі

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында қаралған «Қазақ­стан жастары – 2021: Тәуел­сіздіктің 30 жылы» атты ұлттық баяндаманың тоғы­зыншы шығарылымы аясын­дағы талдау барысында жас­тардың қазіргі дамуының бір­неше маңызды сипаттамалары анықталды.

Басты құндылықтарды белгіледі

Осылайша, жастардың негізгі құндылықтары соңғы 5 жыл бойы өзгеріссіз қалды. Өткен жылдар­да­ғыдай жастар арасындағы басты құндылық – отбасы (82,5%), екінші орында – денсаулық (45,6%), үшінші орында – достық (23,1%).

Сауалдамаға қатысқан жас­тардың 72,3%-ы өздерінің денсау­лықтарын мықты деп санайды, 44,8% үнемі профилактикалық тексеруден өтеді. Жастарды бұқаралық спортқа тарту процесінде де оң дина­мика бар екенін атап өткен жөн – жастардың 60,9%-ы спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Сон­дай-ақ ғылым саласында да оң динамика байқалады: соңғы 9 жылда 35 жасқа дейінгі ғалымдар саны 21% артты.

Жалпы, жастардың 78% бола­шаққа зор сеніммен, бірқалыпты қарайды.

п