Аймақтар • 06 Қаңтар, 2022

Алматыда пәтерлердің тоналып жатқаны рас па? Полиция түсінік берді

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы полициясы тұрғындардың пәтерлері мен үйлері тоналғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда пәтерлердің тоналып жатқаны рас па? Полиция түсінік берді

«Алматы полиция департаменті қала тұрғындарының пәтерлері мен үйлері тоналғаны, сондай-ақ «102» қызметі сигналдарға жауап бермейтіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Қалалық ПД басқармасы жедел басқару орталығы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. «102» пультіне түскен әр хабарлама уақытылы өңделеді», делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары тұрғындарды жалған ақпаратқа сенбеуге және оны таратпауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Айта кетейік, Алматыда лаңкестікке қарсы арнайы операция басталды.