Шығыс Қазақстанға қоныс аударған қандастарымыздың қарымды тіршілігі Өскеменде тұңғыш рет өткен облыстық отандастар форумында да аңғарылды. Айталық, отандастар арасында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы несие алып, кәсіп көзін ашып жатқандардың күннен-күнге көбейіп келе жатқаны қуантып отыр. Өткен жылы 68 оралман өз ісін ашуға 155,4 млн. теңге алыпты. Олар қаржының басым бөлігін мал және егін шаруашылығын дамытуға жұмсаған.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының орынбасары Сұлтанәлі Балғабаев отандастарымыздың жайлы тұрмыс кешіп, жақсы өмір сүруіне өңірде қолайлы жағдай жасалып отырғанын, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың біліктілік танытып, форумды ұйымдастыруының өзі оралман ағайынның қолдаудан қалыс емес екенін аңғартатынын айтты.
Жалпы, шығыс өңіріне 1991 жылдан 2013 жылға дейін 14 226 оралман отбасы көшіп келді. Яғни, 54 мыңнан астам адам. Олардың ішінде 402 адамның жоғары, 12 600 адамның орта білімі бар. 15 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты. Жергілікті атқарушы органдар арқылы 699 адам үймен қамтылды. «Нұрлы көш» бағдарламасына сәйкес, Өскемен қаласы маңынан қандастарымызға арналған 463 үй, Курчатов қаласынан 140 пәтерлі үш үй салынып, толығымен қоныстандырылды.
Былтыр облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасындағы көші-қон бөліміне 1 300 отбасы «оралман» мәртебесін алуға өтініш білдіріпті. Яғни Моңғолиядан – 100, ТМД елдерінен – 31, Қытайдан 1704 адам көшіп келген.
Аталған форумда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті этностық көші-қон басқармасының басшысы М.Тоқсамбаев өткен жылдың желтоқсан айында «Халықтың көші-қоны туралы» Заңға енгізілген өзгерістерді түсіндірді. Оның айтуынша, әлемде төрт мемлекет – Германия, Израиль, Қазақстан және Ресей елдері ғана отандастарын қайтарып алып жатыр. Қазақстан өз отандастарына есігін ешқашан жаппайды, қабылдау жалғаса береді. Былтыр заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қазіргі кезде оны жүзеге асырудың нормативтік-құқықтық актілері, қаулылары даярлануда. Аталған құжаттардың бірінде оралмандар көшіп келетін өңірлер айқындалып, ол өңірлер алдын ала бекітілді. Айқындалған алты өңірдің біріне Шығыс Қазақстан облысы да еніп отыр. Көшіп келушілер алдымен тұрақты тіркеуге тұрып, оралман мәртебесін, тиісті әлеуметтік көмектерді алады. Олар тұрақты тіркелген жерінен бес жылға дейін Қазақстан ішінен басқа жерге көшпеуі тиіс. Көшкен жағдайда берілген көмектердің барлығы қайтарылады.
Бүгінгі таңда оралман отбасындағы жастарға қолдау көрсету мақсатында Семей қаласында «Оралмандарды қоғамға бейімдеу жөніндегі әлеуметтік қызмет» жобасы жүзеге асырылуда. «Қазақстан жастарын қолдау» жастар бірлестігі бастама көтеріп, қоныс аударушы отбасылардың балаларына орыс, ағылшын тілдерін, еліміздің нормативтік-құқықтық актілерін және заңдарын оқыту курстарын жүргізу жобасын қолға алды.
Облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағанов шетелдік білім беру ұйымдарынан алған құжаттарды Қазақстанда тану және нострификациялау тәртібін жеңілдету мәселесін жеткізді. Үкіметке де ұсынылған бұл мәселе шешімін тапса, қандастарды жұмысқа орналастыру барысындағы кедергілердің бір парасы жойылады.
Форум барысында шет елден қоныс аударған ісмер қолөнершілер бұйымдарының көрмесі өтті.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Енді банктер ипотека беруде қарыз алушының төлем қабілетін қатаң тексереді
Банк • Бүгін, 17:59
KASE-дегі күндізгі сауда жабылды: Доллар бағамы 474 теңгеге түсті
Қаржы • Бүгін, 17:42
Қазақстан азаматтары визасыз бара алатын елдер саны артты
Қоғам • Бүгін, 17:40
Жалған құжаттар пайдаланған: Жетісу облысында алаяқ 5 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 17:31
2027 жылдан бастап азаматтардың қарыз көлеміне шектеу енгізілуі мүмкін
Қаржы • Бүгін, 17:29
Президентке «Астана» халықаралық қаржы орталығының даму жоспары таныстырылды
Президент • Бүгін, 17:15
Іле Алатауының тау бөктеріндегі жер телімі мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:59
Жамбыл облысында екі жасөспірімнің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 16:45
Цифрлық жүйе көлік басқару кезінде телефон қолданудың 6 дерегін тіркеді
Заң • Бүгін, 16:22
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының Су ресурстары жөніндегі арнаулы өкілін қабылдады
Президент • Бүгін, 16:01
Ломбард қызметіне қойылатын талаптар күшейе ме?
Қаржы • Бүгін, 15:56
Елімізде неке жүзігі 45%-ға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:46
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылуы мүмкін
Партия • Бүгін, 15:30
Астанада заманауи зертханалық кешен құрылады
Елорда • Бүгін, 15:12
Дәрілік заттарды тіркеу және нарыққа шығару ісі жеделдетіледі
Медицина • Бүгін, 14:55