«Хабар 24» арнасы таратқан ақпарат бойынша, әзірге тек банкоматтар ғана халыққа қолжетімді. Ал кешіктірілген төлемдерге айыппұл салынбайды. Kaspi.kz, Halyk, Forte, Центр кредит, Алтын банк пен Home кредит өкілдері күні кеше осындай хабар таратқан еді. Бүгін бұлардың қатарына Альфа банк те қосылды. Олар қаңтардың 5-і мен 19-ы аралығында ипотекасын төлей алмағандарға өсімақы жүрмейді.
Телеарнадан айтылғандай, аталған шешім елдегі жағдайға байланысты қабылданып отыр.
– Банктен қарыз алғандар алаңдамауына болады, - деді Ұлттық банк.