Аймақтар • 07 Қаңтар, 2022

Кейбір өңірлерде интернет қосылатын болды

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жағдайдың тұрақталғанына қарай еліміздің кейбір өңірлерінде интернет-байланыс белгілі бір уақыттарда қосылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кейбір өңірлерде интернет қосылатын болды

«Жағдайдың тұрақталғанына қарай еліміздің кейбір өңірлерінде интернет-байланысты белгілі бір уақыттарда қосу туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім азаматтарымыздың тұрмыс-тіршілігіне оң әсер ететініне сенімдімін. Алайда, интернетке еркіндік берілгенімен ойына келгенді жазуға, жалған ақпарат таратуға, біреуге тіл тигізуге, арандатушылыққа жол берілмейтінін ескертемін. Ондай материалдар шықса, олардың авторларын тауып жауапкершілікке тарту шараларын қабылдаймыз», дедіі Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде.