Қазақстан • 08 Қаңтар, 2022

Тонаушылардың бизнеске келтірген залалының сомасы анықталды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында тонаушылардың бизнеске келтірген залалы есептелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тонаушылардың бизнеске келтірген залалының сомасы анықталды

Келтірілген зиянның жалпы сомасы шамамен есептеулер бойынша 88,1 млрд теңгеден асты (Алматыда - 86,8 млрд теңге).

Ұлттық палатада түсіндірілгендей, бұл ақпарат 8 қаңтардағы таңғы 9-да өзекті.

Call-орталыққа 1622 қоңырау келіп түсті, оның ішінде: тонау мәселелері бойынша – 937, форс-мажор бойынша – 23, блок-бекеттер бойынша – 2, жеке тұлғалардың қоңыраулары бойынша – 650.

Еліміздің 10 өңірінде 1091 объектіде орналасқан 920-ға жуық зардап шеккен бизнес субъектісі анықталды, оның ішінде Алматыда - 1027 объектіде орналасқан 856 субъект бар.