Спорт • 08 Қаңтар, 2022

Елде спорттық шараларды өткізуге тыйым салынды

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел аумағында енгізілген төтенше жағдай кезінде спорттық-бұқаралық, оқу-жаттығу жиындары, жаттығулар, мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен шығармашылық ұйымдардың жұмыстарына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Елде спорттық шараларды өткізуге тыйым салынды

Іс-шараларға сатып алынған билеттерді қайтару және ауыстыру рәсімдері олардың өткізілген орны бойынша елдегі төтенше жағдай аяқталған соң жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта туризм салаларындағы және қызмет көрсету объектілерінде, оның ішінде жекелеген аймақтардағы белсенді демалыс объектілерін қоспағанда, орналастыру орындары, туристік базалар, санаторлы-курорттық объектілер, демалыс аймақтары өз жұмыстарын штаттық режимде жалғастырады.

Сонымен қатар, ақысы төленген демалыстар құнын қайтару немесе қолайлы мерзімге ауыстыру мүмкіндігі төтенше жағдай аяқталған соң қолданыстағы заңнама аясында жүргізіледі.

Бүгінгі күні шетелде 7636 қазақстандық турист бар. Елде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, шет елдерден туристтерді қайтару алгоритмі қарастырылуда.