Қоғам • 10 Қаңтар, 2022

ХҚКО-лар жұмысын қайта бастады

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы 10 қаңтардан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысын қоспағанда, Қазақстанның барлық өңірінде ХҚКО-лар өз жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ХҚКО-лар жұмысын қайта бастады

Азаматтарға кезең-кезеңімен барлық қызметтер қолжетімді болады, Жамбыл облысының тұрғындары жеке куәліктер мен паспорттарды ресімдеу жөніндегі қызметтерді уақытша пайдалана алмайды.

Айта кету керек, байланыс сапасына байланысты жұмыс барысында кідіріс болуы мүмкін. Сондай-ақ ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері басқа міндеттерді орындап жатқандықтан, ҚР барлық өңірінде автоХҚО-лар жұмыс істемейді.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-ның баспасөз қызметі Алматы қаласы мен Алматы облысындағы автоХҚКО-лар мен ХҚКО-лар жұмысының қайта жанданғаны туралы қосымша хабарлайтын болады. Бұған дейін Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты ХҚКО-лар жұмысын тоқтатқан болатын.