Экономика • 10 Қаңтар, 2022

Елімізде банктер мен банкоматтар жұмыс істеп тұр

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы мен Талдықорғанды қоспағанда Қазақстанның бүкіл өңірлерінде екінші деңгейдегі банк бөлімшелерінің жұмысы қайта жанданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде банктер мен банкоматтар жұмыс істеп тұр

«Алматы мен Талдықорғаннан басқа аймақтарда банк бөлімшелері қалыпты жұмыс істеп жатыр. Ал Алматыда бүкіл бөлімшелердің жұмысы жанданған жоқ. Банктер түгел қашықтан жұмыс істеуде, барлық қызметтер мобильді қосымшалар арқылы ұсынылады», деп хабарлады ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.

Олардың деректеріне сай, елде, Алматы мен Талдықорғанды қоспағанда, барлық банкоматтар жұмыс істеп тұр. Алматыда қолданыстағы банкоматтар саны шектеулі.

«Барлық банкоматтарда жеткілікті көлемде ақша бар», деді ведомстводан.

Еске сала кетейік, 6 қаңтар күні лаңкестікке қарсы операцияның басталуы мен интернет жұмысының нашарлауынан, сонымен қатар қызметкерлер мен қаржы қызметтерінің қауіпсіздігі мақсатында барлық қаржы ұйымдарының, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің жұмысы тоқтатылған болатын.