«Жолаушылар тасымалы» АҚ тарапынан билетсіз жолаушылармен күреске бағытталған нақты стратегия жасалған, осының аясында жолаушылар пойыздарын тексеру жиілетіліп, ревизорлық аппарат жұмысы күшейтілген. Егер пойыз бригадасы тарапынан қызметтік міндеттерін, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін өрескел бұзу фактілері анықталса, олармен еңбек келісімшарттары бұзылуға дейінгі қатаң әкімшілік шаралар қолданылады екен. Бірақ бұған қарап жатқан пойыз бригадасының қызметкерлері жоқ. Олар билетсіз жолаушыларды сол тасыған күйі әлі тасуда көрінеді. Әй дейтін «ажа», қой дейтін «қожа» болмаған соң олар өткен жылы екі мыңға тарта жолаушыны билетсіз алып жүріпті. Бұл жолаушылар пойызға отырғаны үшін ақыны кімге төледі? Ондай қомақты қаржыны кім қалтасына басты? Одан бюджетке қанша шығын келді? Белгісіз. Ешкім айтпайды.
Сөйтіп, жоғарыдағы сөзімізге дәлел, жүзеге асырылған тексеру шаралары нәтижесінде 2013 жылы 1 698 билетсіз жолаушы анықталған. Осы бұзушылықтар бойынша тәртіптік жауапкершілікке 1 428 қызметкер тартылса, оның ішінде 201 қызметкермен еңбек келісімшарттары бұзылыпты. Міне, осындай сорақы жәйттерге байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ билетсіз жолаушы алған жолсеріктер мен билетсіз қатынайтын жолаушылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында және олардың өздерін жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныстар енгізбек. Бұл орайда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызмет көрсету технологиясын тұрақты түрде жетілдіріп, жолаушылар үшін, оның ішінде құқық бұзушылықтардың алдын алу құралы ретінде, заманауи қызмет түрлерін енгізуде. Мәселен, 2013 жылдың нәтижелері бойынша электрондық әдіс бойынша 2,5 млн. билет сатылды, бұл 2012 жылғы көрсеткіштен 2 есе артық.
Осылайша қызмет көрсетуді жақсарту бойынша Астана вокзалында автоматтандырылған кассалар арқылы жұмыс істейтін электронды сату орталығы құрылуда. Осы секілді орталықтар біртіндеп республикамыздың ірі вокзалдарын қамту арқылы Алматы, Ақтөбе және Қарағанды вокзалдарында ашылмақ. Сатудың осы технологиясы жолаушылардың кассирлермен қарым-қатынасын жойып, уақытты үнемдеп, қызмет көрсету деңгейін арттырады деген үміт бар.
Енді, міне, наурыз айының басында тағы да «Жолаушылар тасымалы» АҚ жасақтаған «Маңғышлақ-Атырау» бағытындағы №313 жолаушылар пойызында жолаушыларды билетсіз алып жүру дерегіне қатысты қызметтік тексеріс басталды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ кінәлі қызметкерлеріне қатысты қатаң шаралар қолданылмақ. Мұндай мемлекетке де, жолаушыларға да пайдалы игілікті іс одан әрі де жалғасын таба береріне сенім мол. Өйткені көпшілікке кесірін тигізетін «қояндардың» жоғалуы жолаушылардың жолы жақсаратындығының бастауы демекпіз.
Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Каспий теңізінде бір түнде үш жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше
Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды
Оқиға • Кеше
Шерхан Талап жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Астанада «Нұр шашу» халықаралық көрмесі ашылды
Мәдениет • Кеше
Еліміздің байланыс нарығы 380 млрд теңгеге жетті
Қоғам • Кеше
Қазақстан ғарышты жаңа тәсілмен зерттеуге көшеді
Қазақстан • Кеше
Павлодарда жер опырылып, екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Қарашығанақ жобасы: газ жеткізу мен баға мәселесі талқыланды
Қазақстан • Кеше
Алматыда дәстүрлі V Фараби форумы қорытындыланды
Форум • Кеше