Ел басына іс түскен шақта біздің қуат-күшіміз мызғымас бірлікте екендігі айқын көрінді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінде ел өмірінде орын алып отырған жағдайды бүге-шігесіне дейін баяндай келіп, Премьер-Министр лауазымына ұсынылған Әлихан Смайыловтың кандидатурасын халық қалаулыларына ұсынып, ел болашағының айқын бағыт-бағдарын нұсқап көрсетіп, сара жолымызды салмақпен саралап берді.
Мемлекет басшысы көтерген мәселелердің барлығы – халықтың көкірегінде жүрген сауалдар. Алдағы уақытта бірлік пен берекені молайтып еңбек етсек, қиындық атаулының бәрінен қиналмай шығарымыз сөзсіз. Халқымыздың ең асыл қасиеттерінің бірі әрі бірегейі арта берсін.
Құралай ЫДЫРЫСОВА,
Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директоры
КӨКШЕТАУ