Аймақтар • 12 Қаңтар, 2022

Қоғамдық көлік қатынай бастады

193 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы облысында аласапыран күндердің жаңғырығы алыс­тап, ел көңілі орнына түсе бастағандай. Облыс орталығы мен жекелеген елді мекендерде әскерилер әлі де арнайы операция жүргізіп жатқанына қарамастан, өңірдегі тіршілік бейбіт қалыпқа оралды.

Қоғамдық көлік қатынай бастады

Соның бір белгісін Талды­қорған қаласы бойынша қоғам­дық көліктің қатынай баста­ғанынан көруге болады. Алматы облыс­тық жолаушылар көлігі және авто­мобиль жолдары басқар­ма­сы хабарлағандай, облыс орта­лы­ғындағы бағыттар бойынша 7 тасымалдаушы мекеменің 82 автобусы жұмысқа шыққан. Қоғамдық көлік таңертеңгі сағат 8.00-мен кешкі 18.00 аралығында жүреді.

Сондай-ақ облыс әкімдігінде өңірдегі қалыпты өмір сүру жағ­дайына кезең-кезеңімен көшу мәселесі пысықталды. Облыс әкімі Қанат Бозымбаев жиын өткізіп, онда Президент жариялаған Жал­пыұлттық аза тұту күніне орай қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Жиында облыс аумағында штаттық режімдегі жұмысқа көшу туралы тапсырмалар берілді.

– Облыста келтірілген шығын­дарды есептеу комиссиясы жұ­мысын бастады. Коммуналдық жүйе­лердің үздіксіз жұмысын қам­тамасыз етуді жалғастырамыз. Сол сияқты сауда нысандары, ірі базарлар, жанар-жағармай бекеттері толықтай іске қосылуы тиіс. Бұл ретте осы нысандардың бағаны өсір­меуі қатаң бақыланады. Қа­зір қалада интернет желісі іске қо­сылды. Енді коммуналдық төлем­дерді қабылдау, зейнетақы, жәр­демақы төлемдері де кедергісіз жүр­гізілуі керек, – деді өз сөзінде Қ.Бозымбаев.

Қазір аймақтағы ауруханалар мен дәріханалардың жұмысы жанданған. Онда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті, қалыпты режімде жұмыс істеп тұр. Сол сияқты Тал­дықорған қаласында қоғамдық көлік толық жұмысқа кірісті. Об­лыстың түкпір-түкпіріне Ал­маты қаласынан жүйелі түрде азық-түлік жеткізу үрдісі үзілген жоқ. Сонымен бірге жиында полиция және арнайы органдар қыз­меткерлеріне жағдай жасау, оларды материалдық тұрғыда қолдау, тұрғын үймен қамту, штат санын ұлғайту сияқты бірқатар кешенді шаралар жобасын ұсыну жайы айтылды.

– Жалпы, облыстағы ахуал тұ­рақты. Талдықорған қаласы то­лық бақылауда. Сон­дықтан қа­­лып­ты өмірге бірте-бір­те кө­шуі­міз керек. Жұдырықтай жұ­мылып, бірге жұмыс істе­сек, жу­ық арада облыстағы шаруа­шы­лық жұмыстарын, жетісу­лық­тар­дың өмір сүру салтын бұрынғы қалпына келтіре аламыз деп ойлаймын, – деді аймақ басшысы Қ.Бозымбаев.

 

Алматы облысы