Коронавирус • 12 Қаңтар, 2022

«Қызыл» аймаққа екі өңір қосылды

541 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 12 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қызыл» аймаққа екі өңір қосылды

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау облысы.

«Сары» аймақта: Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Павлодар Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау облыстары.

«Жасыл» аймақта: Ақмола, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облыстары.