Мәселен, Иржи Килианның «Алты би» балеті және өзінің өте жеңіл салмағына қарамастан, үлкен алыптарды жеңіп, алаяқ түлкіден қулығын асырып, тұтқындарды босататын Қаңбақ шал оқиғалары туралы Жолан Дәстеновтің «Қаңбақ шал» балалар операсы дайындалуда.
Бұдан бөлек хореограф Раймондо Ребектің қойылымында Сергей Прокофьевтің «Күлбикеш» балеті мен Джоакино Россинидің «Алжирдегі италиялық қыз» атты операсы да жоспарланып отыр. Ал ең бастысы, театрсүйер жандар үшін басты сыйлық – Евгений Брусиловскийдің «Ер Тарғын» ұлттық операсы екенін айта кетейік. Аталған жаңа туындылар наурыз-сәуір айларында ұсынылады.