Оқиға • 12 Қаңтар, 2022

Алматыда дүкен тонаған тағы бес адам ұсталды

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде дүкен тонаған бес адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда дүкен тонаған тағы бес адам ұсталды

Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, қала орталығында күндізгі уақытта 21-27 жас аралығындағы бес адам ұсталды. Олардың екеуі - қыздар.

Күдіктілердің есірткі тығып жатқаны белгілі болды. Ұсталғандардың жалдамалы пәтерінен бөлшек сауда үшін оралған синтетикалық есірткі заты, сондай-ақ күдіктілерден тонау кезінде қылмыстық жолмен алған цифрлық құрал-жабдықтар табылды және тәркіленді.

Барлығы 70-тен астам ұнтақты заты бар магниттік бумалар, компьютердің екі процессоры мен мониторы, ноутбуктер, теледидарлар, проекторлар, пернетақталар, виртуалды ойындарға арналған жабдықтар. Сондай-ақ әскерилендірілген оқ-дәрілер табылды және қылмыстық іс-материалдарына қосылды.

Күдіктілер қамауға алынып, олардың кім екені және заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексерілуде.