Осы жылғы қаңтардың 11 күнінде 3,5 млн.тонна қатты отын тиелді, өткен жылдың ұқсас деңгейіне қарағанда өсім 1,2%-ды құрады. Оның ішінде ЖЭО-ға 2,2 млн.тонна жеткізілді, онда көмір қорының ұлғаю үрдісі байқалады
Әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау «ҚТЖ» ҰК» АҚ ерекше бақылауында. Күн сайын көмір разрездері өкілдерінің қатысуымен жедел штаб кеңестері өткізіледі. Маңызды жүкті тасымалдау үшін жартылай вагондар жүк жөнелтушілердің өтінімдеріне сәйкес толық көлемде беріледі.