Қазақстан • 12 Қаңтар, 2022

Газ бағасын тұрақтандыру үшін қандай шаралар қабылданды?

425 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрлігі Президент тапсырмаларын іске асыру бойынша қабылданған жедел және жүйелі шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Газ бағасын тұрақтандыру үшін қандай шаралар қабылданды?

Мемлекет басшысының бензин мен дизельдің бағаларын реттеу жөніндегі тапсырмалары аясында мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу бойынша тиісті бұйрықтар қабылданды.

Осылайша, мұнай өнімдерінің бағасы:

1) АИ-80 маркалы бензин – литріне 89 теңге;

2) Аи-92 маркалы бензин – литріне 182 теңге;

3) Аи-93 маркалы бензин – литріне 182 теңге;

4) Аи-95 маркалы бензин – литріне 215 теңге;

5) Дизель отыны - литріне 230-260 теңге болды.

Нарықтағы жағдайды толық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында сұйытылған мұнай газына уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізіліп, литр үшін 50-75 тг диапазонына дейін төмендетумен бөлшек сауда бағасы бекітілді.

Энергетика министрлігі келесі екі бұйрықты бекітті:

1) 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін сауда-саттық қағидаларын тоқтата тұру жөніндегі бұйрық, оған сәйкес Энергетика министрлігі сұйытылған газды электрондық сауда-саттықтан тыс өткізетін болады;

2) Сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасын төмендету жөніндегі бұйрық.

Сондай-ақ, бүгінгі күні ЭСА-дан тыс ішкі нарыққа сұйытылған газды жеткізу жоспарын қалыптастыру қағидаларына түзетулер енгізу бойынша бұйрық әзірленді.