Үкімет • 13 Қаңтар, 2022

БАӘ-нің Шүлбі және Өскемен ГЭС-ін сатып алуына қатысты заң жобасы кері қайтарылды

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Үкіметі басым салалардағы жобаларды дамыту үшін БАӘ-мен ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестік құруды көздейтін заң жобасын Мәжілістен кері қайтарып алу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

БАӘ-нің Шүлбі және Өскемен ГЭС-ін сатып алуына қатысты заң жобасы кері қайтарылды

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 772 қаулысымен енгізілген» Қазақстан Үкіметі басым салалардағы жобаларды дамыту үшін БАӘ-мен ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестік құруды көздейтін заң жобасын Мәжілістен кері қайтарып алу туралы қаулы қабылдады. Біріккен Араб Әмірліктері үкіметінің басым салалардағы жобаларды дамыту үшін ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік құру туралы бірлескен декларациясын ратификациялау туралы» заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінен кері қайтарып алынсын», делінген құжатта.

Атап айтқанда, аталған заң жобасы БАӘ-нің Шүлбі және Өскемен ГЭС-ін меншігіне сатып алуына қатысты болған.