Кәсіпқой бокс • 13 Қаңтар, 2022

Головкин-Мурата жекпе-жегі өтпеуі мүмкін

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Teiken» промоутерлік ұйымының жетекшісі Акихико Хонда орта салмақ дәрежесіндегі IBF, IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA (super) белбеуінің иегері Риота Мурата арасындағы жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Головкин-Мурата жекпе-жегі өтпеуі мүмкін

«Біздің таңдау жоқ. Сондықтан амалсыз күтіп отырмыз. Егер жекпе-жек сәуір айында өтпейтін болса, Риота Муратаның одан кейін шайқасқа шығуға зауқы соға қоймас. Біз оны қолдаймыз. Расында да сәуір айында жекпе-жек ұйымдастырылмаса, онда екі боксшы арасындағы кездесу мүлде өтпеуі ықтимал. Одан басқа нұсқаны көріп тұрған жоқпын», деді промоутер өз ойымен бөлісіп.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин-Мурата арасындағы кездесу өткен жылдың 29 желтоқсанында өтуге тиіс болған. Алайда Жапонияда карантин талаптары күшейіп, шайқас мерзімі кейінге шегерілген еді.