Әдебиет пен мәдениетке қал-қадерінше қамқорлық танытып келе жатқан халықаралық «Алтын Қыран» компаниялар тобы 2012 жылы алты бірдей жас қаламгердің кітабын жарыққа шығарған болса, 2013 жылы қадірменді қаламгер Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» және «Соңғы парыз» кітаптарының ағылшын тіліне аударылуына демеушілік жасаған еді.
Енді, міне, сол игілікті шара тағы да жалғасын тауып, қайырымдылық қоры биылғы жылы жеті қаламгердің шығармаларын жеке кітап етіп оқырманға ұсыныпты. Бұған дейін «Айна» жыр жинағын оқырманға ұсынған Бейбіт Сарыбайдың «Мейірім» атты әңгімелер кітабына соңғы жылдары жазған туындылары енгізіліпті. Әңгімелерінде балалық шақтың мөп-мөлдір сезімін, адам мен қоғам, адам мен табиғат арасындағы қақтығыстарды шынайы суреттейтін жазушының адамдар психологиясын шебер игергені аңғарылады. Қайшылықты қоғам тұрғындарының мінез-құлқы, қалпы, адами қарым-қатынасы еш әсірелеусіз, қаз-қалпында баяндалады. «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің лауреаты, республикалық мүшәйралардың жеңімпазы Әлия Дәулетбаеваның «Сол бір сәуле» жинағына бір топ өлеңдері мен «Ай астында бір көл бар...» атты поэмасы енгізіліпті. Ал бірнеше жыр мүшәйраларының жеңімпазы Жанар Әбсадықтың «Сезімдер маусымы» өлеңдер жинағына албырт шақтың әдемі өлеңдері топтастырылыпты.
Таяуда ғана «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі қызметіне кіріскен Думан Анаштың «Әулет» публицистикалық тұңғыш кітабында ұлтымыздың өткен ғасырдың алғашқы ширегінде бастан өткерген қилы ауыртпалықтары сөз болады. Әсіресе, ұлы хакім Абай мен Алаш көсемі Әлихан Бөкейханұлы ұрпақтарының тағдыры бейжай қалдырмайды. Әулет қасіреті арқылы ұлттың басынан кешірген зобалаңы белгілі ғалымдардың, жазушылардың келтірген деректері мен дәйектері негізінде баяндалады. Белгілі карикатурашы, бірнеше халықаралық конкурстардың жүлдегері Ғалым Смағұлұлының суретті-альбом жинағына суретшінің таңдаулы 100-ге жуық туындысы топтастырылыпты. Ғалымның тақырып таңдауда талғамының жоғары екенін кітапты парақтап отырып байқауға болады. Оның әр шығармасы боямасыз дәл бейнеленген. Байыппен қараған жан қоғам көрінісін суреттерден жазбай таниды. Талантты ақын, бірнеше жыр додаларының жүлдегері Қуаныш Медеубаевтың «Қара жәшік» атты дүниесі ақын жанының айнасы іспетті болса, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Азамат Тасқараұлының «Жусан қыз» кітабына ақынның лирикалық-философиялық өлеңдері еніпті. Айдынға қанат қаққан жеті желкен деп, жеті қаламгердің әлі сиясы кебе қоймаған рухани құндылықтары ұлт үшін абыройлы іс деп білеміз.
Тұсаукесер рәсіміне орай өткізілген баспасөз мәслихатында академик Сейіт Қасқабасов, ақын-жазушылар Әкім Тарази, Нұрлан Оразалин, Алдан Смайыл, Серік Ақсұңқарұлы, Бигелді Ғабдуллин, Жанарбек Әшімжан, Дәурен Берікқажыұлы мен суретші Айдарбек Ғазизұлы сияқты қоғам қайраткерлері мен белгілі ақын-жазушылар сөз алып, желкен қаққан жеті қаламгерге қамқорлық көрсетіп отырған компания ұжымына алғыстарын білдірді. Кітабы жарық көріп отырған жас қаламгерлердің шығармашылығына тоқталып, өз ой-пікірлерін ортаға салып, жазар көбейсін деген тілектерін жеткізді.
Берік САДЫР,
«Егемен Қазақстан».
–––––––––––––––––––––
Суреттерді түсірген
Ерлан ОМАРОВ.

Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:34
Қазақстан Орта Азияда экономикалық еркіндік бойынша көш бастап тұр
Экономика • Бүгін, 14:25
Олжас Бектенов: «Заң мен Тәртіп» − жаңа Конституцияның негізгі қағидаты
Үкімет • Бүгін, 14:08
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында қарсыласын 10:2 есебімен жеңді
Хоккей • Бүгін, 13:45
Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ
Үкімет • Бүгін, 13:39
Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген
Оқиға • Бүгін, 13:26
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 13:13
Жас шахматшылар әлем чемпионатында көш бастады
Спорт • Бүгін, 12:52
Ақтауда блогерлердің жеке өміріне қатысты материалдарды таратқан күдікті ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе рейстері көбейеді
Қазақстан • Бүгін, 12:40
Яна Легкодимова ісі бойынша сотталғандар колонияға ауыстырылды
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қытайлық технологиялық алпауыт Kaspi-дің 6 млн акциясын иеленді
Банк • Бүгін, 12:22
Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:09