Қазақстан • 13 Қаңтар, 2022

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

723 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, заң жобасын палатаның жалпы отырысында ұсына отырып, 2019 жылғы 30 желтоқсанда Елбасы, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау, Ұлт жоспары - 100 нақты қадамның 73 қадамын және Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хаттамасын іске асыру мақсатында ҚР Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасында әуе қатынасы туралы келісімге қол қойылды.

«Жоба «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді. Келісімнің негізгі мақсаты - Қазақстан мен АҚШ арасында, оның ішінде Астана халықаралық қаржы орталығын ілгерілету үшін қаржы орталықтарымен тікелей әуе қатынасын ашу үшін құқықтық база құру», деді Қайырбек Өскенбаев.

Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының әуе қатынасын ырықтандыру жөніндегі ұсыныстарына және американдық тараптың ұсыныстарына сәйкес, келісім шеңберінде тараптар авиакомпаниялар, межелі пункттер мен жиіліктер саны бойынша, оның ішінде жолаушылар тасымалы үшін «әуе еркіндігінің» бесінші дәрежесімен шектеусіз ұшуды орындай алатындығы атап өтілді.

Бұл келісім ел тарихында «ашық аспан» режимінде бірінші болып табылады, яғни кез келген қазақстандық авиакомпания Қазақстанның кез келген қаласынан АҚШ-тың кез келген қаласына жиіліктердің шексіз санымен жолаушылар ұшуын, сондай-ақ АҚШ пункттері мен АҚШ-тан тыс кез келген пункттер арасында жүк ұшуларын орындай алады.

2021 жылғы қарашадан бастап ҚР Парламенті Сенатының комитеттерімен отырыс өткізіліп, келісімді ратификациялау туралы Заң жобасы талқыланып, мақұлданды. ҚР ИИДМ басшысының айтуынша, келісімді ратификациялау туралы заңды қабылдау біздің ел тарапынан қосымша Бюджеттік шығындар мен міндеттемелерге алып келмейді және Қазақстан Республикасының көліктік қолжетімділігін арттыруға бағытталған.