14 Наурыз, 2014

Республикалық комиссияның отырысы

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы – Қа­зақ­стан Республикасы Мемлекеттік хатшысының міндетін уа­қытша атқарушы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Шетелде кадр­лар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Отырыс барысында Қазақстан Президентінің бастамасымен жүзеге асып келе жатқан «Бо­лашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қаралды. 2014 жылдан бастап магистратурада оқу және тағылымдамадан өту үшін шет тілін білудің қа­жетті бастапқы деңгейі IELTS 9.0 балдан – 3.0-ден 4.0. балға дейін, ал резидентурада, докторантурада оқуға – 5.0 балға дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді білу жөніндегі барлық санаттағы үміткерлерге ең төменгі талаптар арттырылды. ҚазТест жүйесі бойынша ең төменгі деңгей – 150 балдан 85-ке дейінгі балды құрады. Оқу және тілдік курстардан өту үшін ұсынылатын ше­тел­дік жетекші жоғары оқу орын­дарының, шетелдік ұйымдардың тізімі қайта қаралды.  2014 жылы тізім 17 университетпен толықтырылып, 8-і алынып тас­талды. Шетелде тағылымдамадан өту орнына қойылатын талаптардың өлшемі бекітілді. Атап айтқанда, тағылымдамалар тек қана жетек­ші шетелдік жоғары оқу орындары мен олардың жанындағы меди­циналық мекемелердің база­сында, сондай-ақ, әлемге таны­мал өңірлік ғылыми-зерттеу орта­лықтарында, компаниялар мен салалық ұйымдарда жүзеге асыры­латын болады. Бұған қоса, стипендиядан айы­руға және Комиссияға келіп түскен өтініштерді қарауға байланысты мәселелер қаралды.