Қазақстан • 13 Қаңтар, 2022

Бастапқыда бейбіт шеру болды - Ұлттық ұлан жауынгері

621 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық ұлан жауынгері Диас Саматтың басынан өткен оқиғасы жайлы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz.

Бастапқыда бейбіт шеру болды - Ұлттық ұлан жауынгері

Атырау қаласындағы 5546 әскери бөлімінің жауынгерлері қала әкімдігін бұзақылардан қорғады. Қақтығыс барысында аталған әскери бөлімнің 28 жауынгері жарақат алған. Солардың бірі - қатардағы Диас Самат. Ол жаппай тәртіпсіздік басталған күні қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарып, алдыңғы қатарда тұрды.

 

1 

«Бастапқыда барлығы бейбіт шеру ретінде басталды. Бізге күш қолданбау туралы бұйрық берді. Өйткені, ондағы адамдар бейбіт тұрғындар. Біз қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызметті қамтамасыз етіп сапта тұрдық. Бір кезде топ ішінен жас жігіттер шығып, бізге шабуыл жасады. Қолдарына түскен заттың барлығын лақтырды, арматура, тас, ішінде газ баллондары да болды. Мен арттағы қарулас достарымды қорғап тұрғанмын. Қорғаныш қалқаны төмен түсірген сәтте ауыр зат ұшып келіп оң бетіме тиді. Барлығы бір-бірін итеріп, қақтығыс, төбелес басталды. Менің оң бетім толықтай қанады. Сонда да, достарымды тастамадым. Күшім жеткенше, қызметімді атқардым», деп есіне түсірді жас сарбаз.

Жас сарбаз Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданынан Ұлттық ұлан қатарына шақырылған. Бүгінде ауруханаға жатқызылды. Жағдайы қалыпты. Жуырда емделгеннен кейін әскери қызметіне қайта оралады. Бар тілегі ел амандығы, тыныштық орнату міндеті.

Жалпы Алматы, Шымкент  қалаларында және басқа да облыс орталықтарында құқықтық тәрітіпті қамтамасыз етуде бұзақы топпен қарсыласудың нәтижесінде жарақат алған Ұлттық ұлан әскери қызметшілердің саны 394 адамға жетті.

Бұдан бөлек, жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның 90-нан аса әскери техникасы сынды. 

Соңғы жаңалықтар