14 Наурыз, 2014

«СМАК»-тың дәмді тағамдары

456 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Халал.mp4_snapshot_02.08_[2013.05.16_18.03.15] Облыс орталығындағы «Пав­лодарлық Смак» серіктестігі азық-түлік өнімдерін өндіру саласында даму жолына түскен, қазақстандық-ресейлік нарықта өз орнын тапқан кәсіпорындардың бірінен саналады. Серіктестік жұмысын бастаған 15 жыл уақыт ішінде «СМАК»-тың өнімдері өз елімізден басқа, Ресейге де жеткізілуде. Кәсіпорын өздері сатып алған 40-шақты шетелдік көліктері арқылы Омбыдан бас­тап, Түмен, Чита, Сахалин, Новосібір, Санкт-Петербургке дейін барады. Бұл күндері «СМАК»-та 230 адам, негізінен, тұшпара түйетін, манты жасайтын, құймақ құятын, картоп орамасын бүгетін қыз-келіншектер еңбек етуде. Кәсіпорында түгелдей өркениетті талаптар, шетелдік жүйе, шетелдік қондырғылар ішке енгеннен-ақ сізді бақылауға алады. Цехтардағы тазалықты, қауіпсіздікті автоматты кішкене түйме көздер түсіріп тұрады. Өйткені, тұтынушыға сапалы, таза, дәмді өнім жетуі тиіс. Мұның бәрі оңай емес, әрине. Нақты жұмыспен, күнделікті жоспар-жоба, еңбекпен келеді. Кәсіпкерлік еркін дамыған жер­де ғана біздер осылай жұмы­сымызды нығайтып, елге сенімді болдық. Әрине, бастапқы жылдары тұшпара, манты, картоп орамасы, орыс құймағы сияқ­ты өнімдерімізді Санкт-Петер­бургке дейін жеткізетін бізде мүмкіндік те болған да жоқ. Облыс көлемінен аса алмадық. Бұл күндері кәсіпорынға жаңа технологиялардың келуі, еңбек өнімділігінің артуы, тұтынушы бағалаған сапалы өнімдердің, кәсіпкерлік жұмыстың дұрыс құрылып, жолға түскенінің арқасында, екі ел нарығына танылып үлгердік. Біз қазақстандық, отандық өнімді дайындаушы кәсіпкерлердің қатарында жүргенімізге қуанамыз, дейді кәсіпорын директоры Игорь Пшенко. Игорь айтқандай, тұрғындар өзіміздің жергілікті жерде жасалған аты таныс, дәмді, сүйікті тағамдарын пайдаланатыны белгілі. Жұмыстан қол босамайтын уақыт тығыз кезінде қайнап тұрған суға салып жібересіз – «СМАК»-тың тұшпарасы дайын. Біз де осы қажеттілікті түсіндік. Жергілікті тұрғындардың дастарқанына қандай тағам түрлері керек екенін екінің бірі біледі. Нарықты зерттемей-ақ түсінікті. Түс, я кешке америкалық орама жеп отырмайтыны, өзіміздің халықтың салт-дәстүріне сай тамақтанатыны белгілі. Күнделікті дүкендерге түсетін өнімдеріміздің сатылуы тұрғындардың көңілінен шыққаны ғой, дейді кәсіпорын басшысы. Кәсіпорын цехтары таза, ақ халат арнайы киімі, қал­пақ, қолғап киген қыз-келін­шек­тер еңбек етуде. Өзіміз күнде­лікті облыс орталығындағы дүкен­дер­ден көріп жүрген өнімдер міне, осы жерде жасалады. Күніне 10 тон­на дайын өнім дүкендерге жі­беріледі екен. Кәсіпорын екі ауысыммен жұмыс жасайды. Тұшпара, манты, құймақ жасайтын қыз-келіншектерге барлық жағдай жасалыпты. Өз автобустары бар. Жұмысқа әкеліп-апарып тұрады. Еңбекақылары да жақсы. Кәсіпорынның екінші бір цехтарында орыс жұқа құймағы, ет орамасы, хинкала, көк жапырақ орамасы, мантының түр-түрі, басқа да өнімдер дайындалады. Цех ішін аралап көргеніміздей, мұнда бәрі де жаңа заман технологиясымен жұмыс жасалды. Бір ерекшелігі, бұл технологиялар тек қана табиғи өнімдер жасауға арналыпты. Жас мамандар өз істерінің шебері, техника тілін меңгерген. Мысалы, жоғарыда айтқан табиғи өнімдер дегенге келетін болсақ, «Павлодарлық Смак» дайындау үшін Солтүстік Қазақстан, Қостанай облысы жақтан әкелінетін асылтұқымды ірі қара еті пайдаланады. Тұшпара, манты, орыс құймағын жасау үшін де жұмыртқа, ұн, күнбағыс майлары түгелдей жоғары сортты, таңдаудан өткен өнімдер. Облыс жұртшылығы «Забава», «Кро­ха», «Бабушкина забота» деген тұшпараның түр-түрін атына заты сай әсемделген қораптарымен сатып алады. Мысалы, «Кроха» тұшпарасы кішкентайларға арналған. Ал, 2011 жылдан бас­тап мұсылман дәстүріне сай «Алтын-Той» деп аталатын халал тұшпара өнімдерін шығара бастады. Сонымен қатар, халал бағытында «Шығыс дәмдісі» деп аталатын манты және иісі мұрын жаратын дәмді шығыс тұшпарасына сұраныс арта түсті. Кәсіпорында әртүрлі ұлт өкілдері еңбек етеді. Әртүрлі ұлттың сүйікті тағамдарын жасайды. Осы жылдар ішінде «СМАК»-та жасалатын 45 түрлі өнім бірнеше республикалық байқаудың жеңімпазы атанды. Кәсіпорынның сыйымдылығы 400 тонна тұратын қоймасы да бар. Сонымен қатар, Астана, Алматы, Қарағанды, Жез­қазған, Семей, Қостанайда, Өске­мен және Ресейде, яғни Санкт-Петербургте «СМАК»-тың сауда орындары жұмыс жасауда. – Біздің елімізде кәсіпкер­лікке кең жол ашылды. Президен­тіміздің өзі бас болып, әрқашан кәсіпкерлерді қолдайды. Бұл бізге жақсы көмек, бизнеске қамқорлық. Сондықтан, біздер кәсіпкерлер осы үмітті ақтау үшін бар күш-жігерімізді жұмсап еңбек етудеміз, – дейді Игорь Пшенко. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан». ПАВЛОДАР.